Қазақстандық жас теннисші Аустралиядағы турнирдің финалисі атанды
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық жас теннисші тартысты өткен соңғы бәсекеде жапониялық Хикари Ямоммотоға есе жіберді – 7:6, 4:6, 2:6.
«Әрине, осыншама күш жұмсап, жеткен финалда ұтылған өкінішті. Дегенмен жылды жақсы бастап, осындай беделді турнирдің финалында өнер көрсеткеніме қуаныштымын. Бұдан тәжірибе жинадым дей аламын», деді А.Кәкенова.
Альбина Кәкенова – Астана теннис мектебінің түлегі. «Дәулет» теннис орталығында Марат Шәріповтің басшылығымен жаттығады. 2022 жылы ATF (Asian Tennis Federation) Juniors сериясы бойынша өткен төрт жарыстың жеңімпазы атанып, 14 жасқа дейінгілер арасында Азия рейтингісінде көш бастады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия чемпионатында Елена Рыбакинаның алғаш рет финалға шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Е.Рыбакина 1 млн астам доллар табыс тапты.
Елена Рыбакина алғаш рет үздік ондыққа енеді.
Елена Рыбакинаның финалдағы қарсыласы анықталды.
Елена Рыбакина эйс жасаудан үздік атанды.
Қазақстандық теннисші қыздар Үндістандағы жарыстың жартылай финалына өтті.
Фото: ktf.kz