Қазақстандық жас теннисшілер Азия чемпионатында топ жарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасы Ташкентте теннистен 14 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жабық Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстандық спортшылар аталған сында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Olympic.kz.
None
None

Қыздар арасындағы жекелей сында Сандуғаш Кенжебаева чемпион атанды. Турнир барысында бірде-бір рет жеңілмеген ол финалда Үндістан спортшысын 6:4, 6:3 есебімен ұтты.

Ұлдар арасындағы бәсекеде біздің тағы бір спортшымыз топ жарды. Макс Батютенко ақтық сында турнирдің екінші ракеткасы, тайландық теннисшіні 6:4, 6:1 есебімен жеңді.

Құрлық чемпионатында көзге түскен Кенжебаева мен Батютенко жазда Еуропада өтетін жоғары санатты турнирлерге қатысу мүмкіндігін алды. Олардың барлық шығынын Халықаралық теннис федерациясы (ITF) өз мойнына алмақ.

Соңғы жаңалықтар