Қазақстандық жас велоспортшылар Азия кубогы жарысында қола жүлдені еншіледі
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 11-17 қыркүйек аралығында Үндістан астанасы Дели қаласында велоспорттан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия кубогы үшін жарыста батысқазақстандық спорт шеберлігіне үміткерлер, ҚР құрамасының мүшелері Даниил Гафаров пен Антон Ноздрин сәтті өнер көрсетті.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Д.Гафаров пен А.Ноздрин олимпиадалық спринтте қола жүлдені иеленді.
Даниил спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернатының шәкірті болса, Антон - биылғы түлегі. Олардың бапкері - Роман Родионов.