Қазақстандық жас волейболшылар Әлем чемпионатының топтық сынынан сәтті өтті

АЛМАТЫ. 12 шілде. ҚазАқпарат - Осы күндері Кипрдің Ларнака қаласында жағажай волейболынан 19 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем чемпионаты өтуде.

Қазақстандық жас волейболшылар Әлем чемпионатының топтық сынынан сәтті өтті

Онда ел намысын қорғап жатқан Ақтау қаласынан «Каспий» волейбол клубының спортшылары кеше, топтық сындағы сайыстарын бастады.

Атап айтқанда, топтық кезең сайысында Екатерина Ласюта мен Александра Варасова Кипр мен Хорватия спортшыларын қапы қалдырды, қазір олар  соңғы кездесуін  швейцариялық құрбыларымен өткізуде.

Ал жігіттерден Нұрлан Көңілқос пен Сергей Котенов Норвегия мен Хорватия  спортшыларына  есе жіберіп,  алжирліктерден ғана  басым түсті. Енді олар бірінші кезеңнің сайысына қатысады. 11 шілде күні басталған бұл дүбірлі доданың жеңімпаздары сенбі күні белгілі болады.