Қазақстандық жасөспірім қыздар алғаш рет теннистен әлем чемпионатына жолдама алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Теннистен Қазақстан қыздар құрамасы 16 жасқа дейінгілер арасында алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Шымкент қаласында Азия - Тынық мұхит аймағы бойынша өтіп жатқан іріктеу турнирінің жартылай финалында Ярослава Шведованың шәкірттері әлемдегі үздік құрамалардың бірі, жасөспірімдер арасында Билли Джин Кинг кубогінің бес дүркін чемпионы Аустралияны 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Бірінші ойында Ариана Гогулина қарсыласын тартысты матчта 7:5, 3:6, 7:5 есебімен ұтты. Ол бірінші партияда 2:5 есебімен жеңіліп жатып, қатарынан бес геймді алды.

Полина Слепцова Аустралия көшбасшысы Тахлия Коккинисті жеңді - 7:5, 6:4.

Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы биыл күзде өтетін 16 үздік команданың қатарында әлем чемпионатында өнер көрсетеді.

Ертең, 6 мамыр күні финалда қазақстандық қыздар Жапония немесе Оңтүстік Кореяның біреуімен кездеседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан жасөспірімдерінің іріктеу турнирінің 1/2 финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Бублик Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты.


Соңғы жаңалықтар