Қазақстандық жасөспірім волейболшылар Азия чемпионатында 10-шы орын алды

АЛМАТЫ. 1 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін  Иранның Тегеран қаласында 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы ІХ Азия чемпионатының ақтық ойындары өтеді.

Қазақстандық жасөспірім волейболшылар Азия чемпионатында 10-шы орын алды

Григорий Неклюдов жаттықтыратын қазақстандықтар кеше Австралия құрамасына есе жіберіп, оныншы орынды қанағат тұтты. Бүгін үздік сегіздікке кіргендер арасынан Қытай мен Иран - чемпиондық атақты, Оңтүстік Корея мен Жапония - қола жүлдені, ал Тайпей мен Шри-Ланка - бесінші, Тайланд пен Үндістан жетінші орынды сарапқа салатын болады.

3 қазан күні басталған бұл байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Қытай мен Тайланд спортшыларымен «В» тобында өнер көрсеткен еді. Онда екі ойында да қарсыластастарына 0:3 есебімен ұтылып, жүлделі орындарға таласу мүмкіндігін қолдан шығарып алды. Ал 9-11 орын үшін болған сайыста Түрікменстанды 3:2 есебімен ұтқанымен, шешуші ойында австралиялықтардың осал тұсын таба алмады.