19:25, 17 Қараша 2022 | GMT +5
Қазақстандық жасөспірімдер джиу-джитсудан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар Арслан мен Арсен Берік Абу-Дабиде (БАӘ) өткен джиу-джитсудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпаздары атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olimpik.kz-ке сілтеме жасап.
Арслан Берік 24 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жарыста жеңіске жетті. Арсен Берік 20 келіге дейінгі салмақта үздік атанды.
Жас спортшылар санаттарында марапаттар үшін АҚШ, Канада, Франция, Ирландия, Ұлыбритания, Кувейт, Сауд Арабиясының өкілдері өнер көрсетті.
«Болашақта джиу-джитсу Олимпиада бағдарламасына қосылуы мүмкін. Сондықтан мен осы спорт түріне белсенді қатысып, өз елімнің намысын қорғағым келеді», - деп атап өтті Арслан.
Фото: olympic.kz