Қазақстандық жасөспірімдер Новосібірде өткен «Локовелей-2012» халықаралық біріншілігінде үздік бестіктің қатарынан көрінді

АЛМАТЫ. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ресейдің Новосібір қаласында 30 қараша мен 2 желтоқсан аралығында 1997-98 жылы туған жасөспірімдер арасында «Ресей темір жолы» ААҚ-ның  «Локоволей-2012» халықаралық біріншілігі өтті.
None
None

 Жыл сайын болатын дәстүрлі жарысқа биыл Қазақстан, Қытай, Моңғолия құрамалары мен Ресейдің  аймақтық мамандандырылған мектептерінің командалары қатысты.

Григорий Неклюдов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы алғашқы кезеңде «Б» тобында Краснояр өлкесі, Екатеринбург және Северск қалаларының мамандандырылған   дарынды балаларға арналған спорт мектептерінің командаларымен бәсекеге түсіп, өз тобында екінші орын алды. Одан кейін ширек финалда алаң қожайындары мен Қытай құрамасынан ұтылып, жартылай финалға шыға алмады. Ал 6-орын үшін болған сайыста Ангарск қаласындағы «Ермак» мектебінің командасын 2:1 есебімен ұтып, бесінші орынды қанағат тұтты.

Соңғы жаңалықтар