Қазақстандық жастар әлем чемпионатында кімнің орнын иеленетіні анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Баффало қаласында хоккейден өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Беларусь құрамасы турнирде қалу үшін Данияға қарсы өткізген екі ойында (4:5, 2:3 Б) жеңіліп, элиталық дивизионнан шығып қалды. Беларусьтің орнын Қазақстан иеленеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz">Sports.kz -ке сілтеме жасап.
Жастардың келесі әлем чемпионаты Ванкувер және Виктория қалаларында өтеді. Әлем біріншілігі 2018 жылғы 26 желтоқсаннан 2019 жылғы 5 қаңтарға дейін жалғасады. Оған: Қазақстан, Канада, Чехия, Швеция, АҚШ, Ресей, Финляндия, Словакия, Швейцария және Дания құрамалары жолдама алған.
Еске сала кетсек, Куршевелде өткен әлем чемпионаты бірінші дивизионының «А» тобында Қазақстан жастар құрамасы бес ойында бес жеңіске жетіп, элитаға жолдама алған болатын.