Қазақстандық жастар «Жас ғалымдар үйін» салуды ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұл бастама «Jas Otan» ЖҚ «Жастар – Отанға!» 2025 жылға дейінгі бағдарламасын талқылауға арналған бейнеконференцияда көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Кездесу барысында «Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Елнұр Бейсенбаев белгілі бір өңірдің, ауданның немесе ауылдың мәселелерін шешу үшін нақты жол карталары әзірленетінін атап өтті.

«Біз алғаш рет нақты шаралар кешені мен белгіленген индикаторлары бар 216 өңірлік жол картасын дайындаймыз. Әр жол картасы сол ауданды, қаланы қамтитын болады, ал жергілікті жастар индикаторлардың орындалу барысын өздері бақылай алады. Осындай жол картасының нақты тармақтарының бірі – жастар арасындағы жұмыссыздықты 3,7% дейін төмендету», - деді Е. Бейсенбаев.

Ал тарихшы, археолог, PhD докторы, Ұлттық музей директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Айбар Қасеналин жастарға салалық сыйлықтар табыстауды ұсынды.

«Менің ойымша, «Дарын» сыйлығы жас қазақстандықтардың еңбегін бағалау үшін жеткіліксіз, сондықтан жас қазақстандықтарды «Жас ғалым», «Жас талант», «Жас жазушы» сияқты сыйлықтарды тағайындау арқылы ынталандыруды ұсынамын», - деді Айбар Қасеналин.

Сонымен бірге, А. Қасеналин ғылыммен айналысатын жастардың қажеттілігін ескере отырып, жас ғалымдар үйін салуды ұсынды.

Көркем гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Анна Алябьева жастар арасында спорт, салауатты өмір салтын дамытуды және осал топтағы адамдарға спортпен шұғылдануға көмектесу керектігін атап өтті.

Айта кетейік, «Жастар – Отанға!» 2025 жылға дейінгі бағдарламасы «Jas Otan» жастар қанатының V съезінде қабылданады. Қазіргі уақытта бағдарлама жобасы еліміздің барлық өңірінде талқыланып жатыр.


Соңғы жаңалықтар