Қазақстандық жастардың басым көпшілігі елдегі саяси ахуалды тұрақты деп санайды - әлеуметтік сауалнама нәтижелері
АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Қазақстандық жастардың басым көпшілігі елдегі саяси ахуалды тұрақты деп санайды. ҮЕҰ-Астана Қолдау орталығы жүргізген республикалық әлеуметтік сауалнама қорытындысын осы ұйым төрағасының орынбасары Елена Губушкина ғылыми-тәжірибелік конференция барысында жария етті.
Оның айтуынша, «қазіргі күні респонденттердің жартысынан көбі (51,5 пайыз) саяси ахуалды тұрақты деп бағалайды», 32,8 пайызы - оны сәтті деп санайды. Сауалнамаға қатысушылардың тек 12,9 пайызы елдегі саяси-қоғамдық жағдайды теріс бағалады.
«Сөйтіп, жағымды бағалардың жалпы көрсеткіші 84,3 пайызды құрады, ол елдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақты екендігін көрсетеді», - деп атап өтті Е.Губушкина.