Қазақстандық жекпе-жек өнерінің шеберлері Самараға аттанады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық жекпе-жек өнерінің шеберлері Самараға аттанады.
Ресейлік Волга қаласында МТЛ-Аренасында кәсіби панкратион бойынша Халықаралық турнир өтеді, деп хабарлады sports.kz. Онда Ресей мен Қазақстанның үздік спортшылар кездеседі.
Ел намысын Алмат Исентаев, Дәурен Ермеков, Гойти Дазаев, Жұман Жұмабеков, Ерлан Сағидулла мен Андрей Смирнов қорғайды. Ресейліктер мен қазақстандықтардан басқа француздықтар да барады деп күтілуде.
Шара бір күндік, ең арзан билет құны 500 рубль (2385 теңге), деп жазды sports.kz.