Қазақстандық желаяқ әлем чемпионатының финалына шыға алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның Бирмингем қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі әлем чемпионатында 400 метрге жүгіруден қазақстандық Михаил Литвин финалға шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық желаяқ әлем чемпионатының финалына шыға алмады

Жартылай финалда отандасымыз 400 метр қашықтықты 47.94 секундта жүгіріп, жарысты 16-шы орынмен аяқтады. Осылайша, Литвин финалдық бәсекеден тыс қалды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін отандасымыз 400 метр қашықтыққа жүгіруде жартылай финалға шыққанын хабарлаған болатынбыз.