Қазақстандық желаяқтар кростан әлем чемпионатына қатысады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 30 наурыз күні Данияның Орхус қаласында кростан әлем чемпионаты өтеді. Жарысқа ересектермен қатар, 20 жасқа дейінгі спортшылар да қатыспақшы, деп хабарлайды Olympic.kz.
Чемпионатқа қатысуға әлемнің 67 елінен 582 желаяқ өтінім білдірген. Қазақстан атынан үш спортшы жарыс жолына шығады.
Олар: Саид Сүлайманов, Ильхам Ерқабаев, Мадина Керімова.
Жарыс бағдарламасы төмендегідей:
- Аралас эстафета, 8 шақырым
- U-20 қыздар, 6 шақырым
- U-20 ерлер, 8 шақырым
- Қыздар, 8 шақырым
- Ерлер, 10 шақырым