Қазақстандық жеңіл атлет Филиппов Универсиада алтынын олжалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық жеңіл атлет Никита Филиппов Кванджуда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан Универсиадада сырықпен секіру сынында топ жарып, алтын медальге ие болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық жеңіл атлет Филиппов Универсиада алтынын олжалады

Никита Филиппов 5 метр 50 сантимерлік биіктікке секіріп, үздік атанды. Дәл осындай биіктікті ресейлік спортшы Илья Мудров та бағындырғанымен, бұл нәтижеге қол жеткізу үшін ол бірнеше рет талпынған. Ал қола жүлдені Польшадан келген Роберт Собера жеңіп алды. Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынында 5 алтын және 4 қола медалі бар. Әзірше қазақстандық команда аталған нәтижемен 10-орында тұр.