Қазақстандық жеңіл атлет Литвада жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық жеңіл атлет Кристина Морозова Литвада өткен халықаралық турнирде спорттық жарыстан жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық жеңіл атлет Литвада жеңіске жетті

ҚР Жеңіл атлетика федерациясы мәлім еткендей, Кристина алдағы қазан айында Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасына қатысады. Осы ірі доданың алдында спортшы өзінің дайындығын бір пысықтап алды.

Литваның Друскинскай қаласында өткен жарыста 17 жастағы атлет 3 шақырымдық спорттық жүрістен қатысты. Сайыста 2001-2002 жылы туған жас атлеттер бақ сынады. Жерлесіміз қарсыластарының алдын орап, мәреге 14 минут 51 секундта жетті. Екінші орын алған спортшының уақыт көрсеткіші - 15.05 минут болса, үшіншісі - 15.21.

Айта кетейік, Морозова Буэнос-Айресте 5 шақырымдық спорттық жүрістен өнер көрсетеді.