Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова Нью-Йоркте өткен «Брилиантты лиганың» алтыншы кезеңінде «алтын» еншіледі

АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова Нью-Йоркте өткен «Брилиантты лиганың» алтыншы кезеңінде алтын медаль иеленді.

Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова Нью-Йоркте өткен «Брилиантты лиганың» алтыншы кезеңінде «алтын» еншіледі

Бұл туралы бүгін «Казахстанская правда» газетінде жарияланған Асқар Сұлтанның «Нью-Йорктың «алтыны» қазақстандықта» атты мақаласында жазылды.

Біздің 27 жастағы спортшы қызымыз турнирде бірінші талпыныстан-ақ 14,71 метрге секіріп, ең жақсы нәтиже (рекордты жаңартты) көрсетті. 14,45 метрге секірумен Ямайканың өкілі Кимберли Уильямс «күмісті» еншіледі. Кубалық спортшы Яргелис Савинье  14,08 метр көрсеткішпен үшінші орынға тұрақтады.

Естеріңізге сала кетейік, Дохада өткен лиганың бастапқы кезеңінде Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден 14,33 метр нәтижесімен «алтын» олжалады. Ол Римдегі кезеңде Украинадан келген Ольга Солодухадан (14,75)  - небәрі 2 см-ге жеңіліп, екінші орынға ие болды.