Қазақстандық ЖХЛ қатысушылары барлық матчтарында жеңіліс тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жоғары хоккей лигасының қатысушылары қарағандылық «Сарыарқа» мен өскемендік «Торпедо» тұрақты біріншіліктің кезекті кезеңінде бірдей нәтижемен қарсыластарына жол берді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
«Сарыарқа» 3:4 есебімен «Барсқа» есе жіберді. Қарағандылық команданың құрамынан Зязов, Никулин мен Китцын ғана қарсыластар қақпасына гол салып, үздік өнер көрсетті.
«Торпедо» мен «Дизель» арасында өткен матчта да тура осындай есеп тіркелді. Өскемендік командадан Капитуров, Бердников мен Шин ғана гол салып, көзге түсті.