Қазақстандық ЖОО-лар телекөпір арқылы жемқорлық мәселелерін талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жоғары оқу орындарымен бірлесіп академиялық адалдық және академиялық сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаларына бейімделуге арналған ауқымды акция өткізді.
None
None

Іс-шара ҚазГЗУ базасында Астана және Алматы қалаларындағы және еліміздің барлық аймағындағы 50-ден астам оқу орны қатысқан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы телекөпір үлігісінде өткізілді.

Телекөпірдің барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев, бірқатар министрліктер мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері, Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов баяндама жасады.

Академиялық жемқорлықты жою қозғалысының бастамашылары - жоғары оқу орындарының басшылары негізгі баяндамашылар болды. Олардың қатарында ҚазГЗУ ректоры Талғат Нәрікбаев, Назарбаев Университетінің вице-провосты Лоретта O'Доннелл, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпова, Нархоз университетінің ректоры Кшиштоф Рыбиньски бар.

Жоғары оқу орындарының басшыларымен академиялық адалдық, парасаттылық және ашықтық қағидаларын енгізу жолымен жемқорлықты жоюдың ұтымды мысалдары келтірілді.

Бүгінгі таңда халықаралық академиялық стандарттарды ұтымды жүзеге асыруда үлгі болып келе жатқан Назарбаев Университетінің тәжірибесі үлкен мәнге ие.

Телекөпірдің қорытындысы бойынша Қазақ гумманитарлық заң университетінің студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы флешмоб өткізді. Олар барлық студент жастарды өлең шумақтарымен прогрессивті, әділ және бәсекеге қабілетті болуға шақырды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы эстафетаны Еуразия ұлттық университетіне және НАРХОЗ унивесритетіне тапсырды. 

Жыл соңына дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы эстафета барлық  жоғары оқу орнын қамтиды деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар