Қазақстандық жұлдыздар Астана туралы бейнеклип түсірді
АСТАНА. 18 маусым. ҚазАқпарат - Елорданың 14 жылдық мерекесіне орай «Ән жүрегім - Астана!» республикалық ән байқауын өткізу қарсаңында бас қосқан қазақстандық танымал орындаушылар Астана туралы ән жазып, оған бейнеклип түсірді.
«Ә. Әбдірахмановтың сөзіне, Ж. Сейдоллаұлының әніне жазылған туынды жас астананың көркін жырлайды. Нәзік иірімге әрі шалқар сезімге толы ән Астанаға деген шексіз махаббаттың бір көрінісі. Жұлдыздар шоғырымен бірге былтырғы байқау жеңімпазы Еркін Мәулен де ән шырқады. «Ән жүрегім - Астана!» әні аталмыш шығармашылық байқаудың нағыз әнұранына айналмақ», - деп жазады елорда сайты.