Қазақстандық жұмысшыларға ереуілдерден аулақ жүрудың қыр-сыры үйретіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық жұмысшыларды еңбек проблемаларын ереуілсіз шешуге үйрету шаралары жүргізіледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ақмади Сарбасов мәлім етті.

Қазақстандық жұмысшыларға ереуілдерден аулақ жүрудың қыр-сыры үйретіледі

Атап айтқанда, аталған ведомство Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және Кәсіподақтар федерациясымен бірлесе отырып, жұмысшыларды еңбек заңнамасының негізінде құқықтық жаппай оқыту шараларын ұйымдастыруды жалғастырмақ. «Құқықтық жаппай оқыту арқылы біз еңбек қақтығыстары саласындағы әлеуетті тәуекелдерді төмендетпекпіз. Өткен екі жылмен салыстырғанда ереуіл трендінің төмендеуін байқап отырмыз», - деді А. Сарбасов.