Қазақстандық жүргізушілерге жаңа медициналық қобдиша сатып алу міндет емес - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтарға жаңа автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасын сатып алу қажет емес, оның құрамын автокөлік иелері өз бетімен жаңарта алады, деп хабарлайды ҚР ДСӘДМ ресми сайты.
None
None

«Жаңа автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасын алу бойынша міндетті талаптар жоқ, қазақстандықтар олардың құрамын ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына сәйкес өз бетімен жаңарта алады», делінген хабарламада.

2014 жылғы 18 қарашада «Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №368 бұйрығына өзгерістер енгізілгенін бұрын хабарлағанбыз. Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының жаңа құрамы туралы бұйрық 2015 жылғы 11 қаңтардан күшіне енген.

Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының құрамы көлік құралы жағдайында дәрілік заттарды сақтауда температуралық режимді сақтау мүмкіндігі жоқтығынан өзгертілді. Сутегі тотығының 3% ерітіндісінен басқа барлық дәрілік заттар алып тасталды. Бұл құрам еуропалық елдердің нормаларына сәйкес әзірленді және Ресей мен Беларусьтегі автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының құрамына сай.

Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының жаңа құрамына кіргендер: сутегі тотығының 3% ерітіндісі (1 флакон), зарарсыздандырылған дәке бинті 5м *10 см (1 дана), зарарсыздандырылмаған дәке бинті 5м *10 см (1 дана), зарарсыздандырылмаған дәке бинті 7м *14 см (1 дана), зарарсыздандырылған медициналық дәке салфеткалар (1 дана), зарарсыздандырылған таңу пакеті (1 дана), зарарсыздандырылған медициналық гигроскопиялық мақта 50 г. (1 дана), қан тоқтатқыш жгут (1 дана), бактерицидті лейкопластырь (5 дана), медициналық лейкопластырь (1 дана), эластикалық түтікшелі бинт № 1, 3, 6 (бір бірден), зарарсыздандырылмаған медициналық қолғаптар (1 жұп), доғал ұшты қайшылар (1 дана).

Соңғы жаңалықтар