Қазақстандық зілтемірші Ниджат Рахимов Хьюстондағы әлем чемпионатында алтын медальді олжалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Хьюстондағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 77 келіге дейінгі салмақтағы сайыстар сенсациялық жаңалықтармен аяқталды, деп хабарлады Sports.kz.
None
None

Фавориттердің осал тұсын пайдаланып қалған Қазақстанның 22 жастағы өкілі қоссайыс қорытындысында 372 келі жинап, әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Солтүстік Кореядан күміс жүлдегер Хван Сон Ким біздің атлеттен салмақтылау болып шықты. Қола медаль мысырлық Юссеф Ахмет Махмуд Мохамед Ихабқа бұйырды.

Ауыр атлетика. Әлем Чемпионаты. Хьюстон (АҚШ), Ерлер. 77 келі.

1. Ниджат Рахимов (Қазақстан) - 372 (165 + 207) 2. Хван Сон Ким (КХДР) - 372 (171 + 201) 3. Юссеф Ахмет Махмуд Мохамед Ихаб (Египет) - 363 (162 + 201).

Соңғы жаңалықтар