Қазақстандыққа үйленген шетелдік жұбайының жерін иемдене алмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының азаматшасымен некелескен шетелдік жұбайының жерін иемдене алмайды.

Қазақстандыққа үйленген шетелдік жұбайының жерін иемдене алмайды

Ресми дерекөздің хабарлауынша, некелік қатынастар жерге қатысты құқықтарға ықпал етпейді.

Заңда нақты бөліп көрсетілгендей: Ауыл шаруашылық жерлерге жеке меншің құқығы Қазақстан Республикасының азаматына ғана беріледі, ал жалға алу құқығы - шетел азаматына беріледі.

Сондықтан некелік қатынастар жерге қатысты құқықтарға ықпал етпейді.

Қазақстандық ерлі-зайыптылар ажырасқан жағдайда (зайыбының), жекеменшігінде жер бөлігі қалады, ал, шет елдік азаматта - жалға алумен шектеледі.