Қазақстандықтар 578 мың теміржол билетін өткізген
Вокзалдарда пайдаланылмаған билеттерді өткізу туралы хабарландыру айтылуда. Теміржол қызметкерлері билет кассаларында бір-бірінен 2 метр қашықтық ұстау керектігін түсіндіріп жатыр.
Жолаушылар пойызында жолсеріктер жолаушылардың денсаулығын қадағалауда. Вагондарды жинау кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр және дезинфекция жасау ережелері сақталуда.
Белгілі болғандай, 2020 жылдың 19 наурызында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында осы жылдың 22 наурызынан бастап карантин енгізілетіні жарияланғаннан кейін екі қалаға барлық бағыттағы жолаушылар пойызының қозғалысы тоқтатылды. Қазақстандықтардың билеттерді қайтарып жатқаны назарға алына отырып, келушілер вокзалға тек маскамен бір есіктен кіріп жатыр. Перронға шығатын жол толықтай жабылды.
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы вокзалдарда барлық сауда нысандары жабық тұр. Жалға алушылармен келісім карантин кезінде тоқтатылды.