Қазақстандықтар 700 экологиялық таза автокөлік сатып алған
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев еліміздегі экологиялық таза автокөліктердің өндірісін дамыту туралы айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Министрдің сөзіне сүйенсек, Қазақстанда эклогиялық таза автокөліктерді сатып алғандарға 315 мың теңгеден 650 теңгеге дейін жеңілдік сертификаттары беріледі.
«Бүгінгі таңға дейін экологиялық таза көлікті сатып алғандарға 170 миллион теңге берілді. Қазақстандықтар 700 жаңа экологиялық таза автокөлік сатып алды», - дейді ҰЕҰ өкілдерімен кездесу өткізген министр.
Қазіргі уақытта 2016 жылы қабылданған өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері (ӨКМ) қағидатына сәйкес, елімізде құны 7,9 миллиард теңгелік 23 мың жеңілдік сертификаты бар. Сонымен бірге, Қанат Бозымбаев өз сөзінде ӨКМ арқылы электрмен қамту станцияларын (электрозаправочные станций) салу жобасын дамыту мәселесін атап өтті.
«Астана мен Алматыда жуық арада 100 бірдей электрмен қамту станциялары салынады», - дейді министр.