Қазақстандықтар Ә.Аманқұл, Б.Әбдірахманов және В.Левит Азияның үздік боксшылары атанды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Азиялық бокс конфедерациясы жылдың үздік боксшыларын анықтады.

Қазақстандықтар Ә.Аманқұл, Б.Әбдірахманов және В.Левит Азияның үздік боксшылары атанды (ФОТО)

«Азияның үздік жас боксшысы» Қазақстанның жастар құрамасында 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін жамбылдық Әбілхан Аманқұл атанды. Оның әріптесі Берік Әбдірахманов (60 кг) АРВ жобасына қатысатын бокшылардың арасында «Континенттегі үздік боксшы» болды. Василий Левит (91 кг дейін) «Азияның үздік боксшысы» аталымында үздік атанды. Жеңімпаздарға тиісті АИБА вице-президенті мен Азиялық бокс конфедерациясы президенті Серік Қонақбаевтың қолы қойылған сертификаттар беріледі.

Еске сала кетейік, Аманқұл осы жылы Қазақстандағы бірнеше турнирде жеңіске жетті, ал Әбдірахманов пен Левит Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына жолдама алды. Василий қыркүйекте Таиландтағы турнирде чемпион атанды.