Қазақстандықтар ағылшындық футбол мамандарымен тәжірибе алмасуға аттанды

АЛМАТЫ. Ақпанның 16-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ – Кеше бір топ қазақстандық футбол мамандары Ұлыбританиялық әріптестерімен тәжірибе алмасу мақсатында өтетін шараға аттанды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Футбол қауымдастығына сілтеме жасап. Биыл екінші рет өткізіліп отырған басқосуда жасөспірімдер футболы мәселелері жөнінде тәжірибе алмасылады. Ұлыбританияға аттанған делегация құрамында ҚР Футбол қауымдастығы балалар мен жасөспірімдер футболы департаментінің директоры Виктор Катков пен Олжас Бөрібаев, Серік Абдуалиев, Тілеужан Әбілқасымов, Әуелбек Дербісбаев, Валерий Цырбах, Нұрбек Нұрсейітов, Нұркен Мазбаев, Илья Меланич, Артық Омаров сынды жаттықтырушылар бар.
Соңғы жаңалықтар