Қазақстандықтар арасында қалыптасқан достық пен сыйластықтың игі дәстүрлері біздің ортақ мақтанышымыз әрі жетістігіміз - ҚХА
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рождество мерекесіне орай православ діндар жамағаты мен барлық отандастарымызды Қазақстан халқы Ассамблеясы құттықтады.
Құрметті отандастар!
Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің барлық халқын ұлы және қасиетті Рождество мерекесімен құттықтайды!
Рождество - бұл Қазақстан халқының рухани құндылығының ажырамас бөлігі, бұл мейрам адамдарды бір-біріне жақындатып, ізгі ойларға жетелейді.
Еліміздің тәуелсіздігі мен Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың саясаты арқасында қайта оралған христиан дінінің құндылықтары мемлекетіміз - Қазақстан Республикасында барлық конфессия мен этникалық топтардың адамдары арасындағы бейбіт пен келісімді сақтауға көмектеседі. Қазақстандықтар арасында қалыптасқан достық пен сыйластықтың игі дәстүрлері біздің ортақ мақтанышымыз әрі жетістігіміз.
Қымбатты қазақстандықтар! Бұл күні сіздерге денсаулық, сәттілік, мықты рух пен береке тілейміз! Мереке әр үйге қуаныш және табыс әкелсін!