Қазақстандықтар арнайы сайтта игі істерімен бөлісе алады (ФОТО)

«Бірінші кезекте, бәрін адам өзінен бастауы қажет деп ойлаймын. Әр адам игі іс, жақсылық жасауға ұмтылуы тиіс. # ЖақсылықЖаса жобасы ұлттық идеяға айналғанын қалаймын. Өмірді жақсы жаққа өзгерту үшін адамдар күніге жақсы іс жасап отыру қажет. Сол кезде өмір нұрлана түседі», - деді қоғам қайраткері, «ДОМ» РС басшысы Аружан Саин Орталық Коммуникациялар қызметі брифингі барысында.
Сондай-ақ сайтта есептеуіш жүргізіледі. Қазіргі сәтте қазақстандықтар елдің әр өңірінен 64 жағдаймен бөлісті. «Сайт елде қандай игі істер жасалып жатқаны жайлы өзіндік тарихты қалыптастыруға жәрдемдесетініне сенімдіміз. Әр адам сайтқа өзінің қайырымдылық, игі істерінің тарихын жаза алады», - деп қосты «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Зарина Нұрланова.
Акция екі апта бұрын басталғанын атап өткен жөн. Қазнетте осы уақыт ішінде #ЖақсылықЖаса және #ДелайДобро хэштэгімен Қазақстанның әр түкпірінен 100-ден астам пост, роликтер жарияланды.