Қазақстандықтар автокөлікті жүргізуге арналған сенімхатты нотариаттық кепілдендірусіз жазатын болады

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар автокөлікті жүргізуге арналған сенімхатты нотариаттық кепілдендірусіз жаза алатын болды.
None
None

 Бұл туралы бүгін ІІМ-дегі брифингте ҚР ІІМ Жол полициясы комитеті төрағасының орынбасары Марат Жұмағұлов мәлім етті.

Оның айтуынша, бұдан былай автокөлік иесі өзі сенетін адамға көлігін жүргізуге беру үшін сенімхатты өз қолымен жазып, 10 күн ішінде Жол полициясы басқармасына апарып, тіркей алады. Сенімхатқа көлік иесі мен сенімхат берілетін адамның жеке куәліктерінің нөмірлері, тұрғылықты жерлері сияқты мәліметтері толық жазылуы тиіс.

«Бүгін комитет жергілікті жерлердегі жол полициясы бөлімдеріне азаматтардан нотариустық куәландырусыз жазылған сенімхаттарды тіркеуге нұсқаулық берді», - деп атап өтті М. Жұмағұлов.

Қазірде көлікті сенімхат арқылы жүргізіп жүрген тұлғаларды тіркеу базасына тіркелген адамдардың саны 2,5 млн.-ға жеткен. Сенімхат негізінде көлік құралын басқаратын адамдарды тіркеу және есепке алу тәртібі ІІМ-нің 2005 жылғы 23 тамыздағы №504 бұйрығымен бекітілген тиісті Қағидалар бойынша реттеледі.

«Бұл функция қылмысқа қарсы күреспен, ұрланған автокөлікті және қылмыскерлерді іздестірумен, жедел-іздестіру қызметімен тікелей байланысты», - дейді комитет төрағасының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар