Қазақстандықтар автонесие өтінімдерін қарау мерзімінің ұзақтығына шағымдануда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы уақытта ел азаматтары тарапынан ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне автонесиелеу өтінімдерін қарау мерзімінің ұзақтығына қатысты шағым жиілеп кетті. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесуі барысында сауалға жауап берген ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.
None
None

«Шындығында регламентке, бекітілген ережеге сәйкес бұл процедура барынша қысқа болуы тиіс. Мерзімі тым қысқа анықталған. не бәрі 2 күн ғана. Соңғы уақытта бізге шағымдар түсе бастады. Расында да банк филиалдары өтінімдерді жинайды. Бұған қоса, бұл өтінімдер барынша жылдам рәсімделіп, бас банкке төлем процедурасын бастау үшін беріледі. Ал бас банкте одан ары бергеннің орнына бұл өтінімдерді 2-3 апта бойы жинайды екен. біз бұл мәселемен айналысып жатырмыз», - деді министр.

Осы ретте Ж.Қасымбек бұл мәселемен тікелей айналысатын орынбасары А.Рауға нақты тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар