Қазақстандықтар Ай тұтылғанын көрді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар табиғаттың сирек құбылысын байқады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандықтар Ай тұтылғанын көрді

Бүгін жер серігінің 21 ғасырдағы ең ұзақ тұтылуы болмақ. Қазақстандықтар Астана уақытымен 23-13-те басталған астрономиялық құбылысты 03-13-ке дейін бақылай алады. Сағат 00-24-тер шамасында дөңгелек Ай Жер көлеңкесіне жақындай түседі.
null

Аспан шырағын сағат 1.30-да Жер көлеңкесі толығымен торлап, қою қызыл түске бояйды. Құбылыс 3-13-ке дейін созылады. Жер серігі таңғы 4.19-да көлеңкеден шығады.