09:44, 29 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Қазақстандықтар Азия чемпионатында тайландтық волейболшылардан басым түсті
АЛМАТЫ. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ерэжанұлы/ - Иранның Тегеран қаласында волейболдан ерлер командалары арасында өтіп жатқан XVI Азии чемпионатында қазақстандықтар екінші ойынын сәтті өткізді.

Қазақстандықтар Тайланд құрамасынан 3:2 (25-13, 18-25, 22-25, 25-20, 15-12) есебімен басым түсті. Бұған дейін олар алғашқы кездесуде дәл осындай есеппен Пәкістан құрамасына есе жіберген болатын. Енді олар бүгін «С» тобындағы ақтық ойынын бүгін өткен жылғы Азия чемпионы саналатын Жапония волейболшыларымен өткізеді. Жапондықтар бұған дейін тайландтықтарды 3:0, пәкістандықтарды 3:2 есебімен ұтқан болатын.