Қазақстандықтар бір айда жаңа көлік алуға 50,6 млрд теңге жұмсаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда с оңғы алты айдың ішінде дилерлер 20 876 мың жаңа көлікті сатты. Соның ішінде экспортқа шығарылған автокөліктер де бар. Жалпы, көлік салондарының табысы 180,7 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстанның автобизнес қауымдастығына сілтеме жасап. 
None
None

Қазақстандықтар маусым айында жаңа көліктерді сатып алуға 50,6 млрд теңгені жұмсаған. Эскпортқа шығарылған өнімді бірге санағанда бір айдың ішінде 5172 көлік сатылды. Бұл мамыр айымен салыстырғанда 34 пайызға артық. Сол кезде 3868 көлік сатылған болатын.  

Қазақстанның көлік нарығында Toyota әлі күнге дейін жоғары сұранысқа ие. Одан кейін Lada, UAZ, Ravon мен Renault келеді.

Бұдан бөлек, SsangYong  (+146%), Renault (+71%), Chevrolet (+59%) пен JAC (+44%) көліктерінің көптеп сатыла бастағаны байқалады. Ал Skoda (-40%), Infiniti (-46%) мен Ford (-57%) көліктерінің саудасы төмендеп кетті.

Сонымен қатар, Iveco көліктерінің саудасы қыза түсті. Ағымдағы жылы мамыр айында 8-ақ көлік сатылса, маусымда аталған көрсеткіш 213 данаға жетті. Сондай-ақ, KAMAZ бен Mercedes-Benz Trucks маркалы коммерциялық көліктер саудасы екі есе, тіпті үш есеге артты.

Жалпы, бүгінде коммерциялық көліктер нарықтың 18,6 пайызын алып отыр. Соның ішінде жүк көліктері - 64 пайыз,  LCV- 15,7 пайыз, сондай-ақ автобустарға нарықтың 20,3 пайызы тиесілі.

Автобустар сегментінде Iveco маркалы көліктердің үлесі басым - 89 пайыз, қалғанын Hyundai мен ЛиАЗ өзара бөлісіп отыр.

Маусым айында ішкі сұраныс қана емес, сыртқы тапсырыстар күрт өсті. Өткен айда 584 көлік шетелге сатылды. Мамыр айында аталған көрсеткіш 47 көлік болған. Жалпы, алты айдың ішінде Қазақстанда құрастылған 925 көлік сыртқа сатылды. Ол тауардың ішінде Hyundai, JAC ,Toyota, Lexus пен Lada-ның өнімдері бар.

Соңғы жаңалықтар