Қазақстандықтар биылғы төрт айда шетелге 259,3 млрд теңге аударған

АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл қаңтар-сәуір айларында халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы шетелге жіберілген және шетелден алынған қаражаттың жалпы сомасы 368,8 млрд теңгені құрады. ҚазАқпарат бұл туралы ranking.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандықтар биылғы төрт айда шетелге 259,3 млрд теңге аударған

368,8 млрд теңгенің 259,3 млрд теңгесі шетелге жіберілген ақша, бұл бір жыл бұрынғыдан 11,5% төмен. Бұл ретте транзакциялар саны 11,8% артып, 749,1 мыңға жетті.

Шетелден келген қаржы көлемі 109,6 млрд теңге болды, бұл өткен жылғымен шамалас. Транзакциялар саны небәрі 0,5%, 397,6 мыңға дейін артты. Нәтижесінде ақша аудару жүйелері арқылы шетелден алынған бір аударымның орташа түбіртегі 0,5%, 275,6 мың теңгеге дейін азайды.

Биыл қаңтар-сәуірде Қазақстаннан жөнелтілген ақша көлемі бойынша Түркия көш бастап тұр: 70,7 млрд теңге, бұл өткен жылдың қаңтар–сәуір айларымен салыстырғанда 9,4% төмен. Одан кейінгі орында Ресей, онда жіберілген қаржы бір жылда бір жарым еседен астамға артып, 69,2 млрд теңгені құрады. Үшінші орында – Өзбекстан: 51,7 млрд теңге, аударымдар 17,7% азайған. Сонымен қатар Грузияға 27,6 млрд теңге аударылды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 20,2% көп. Қырғызстанға аударылған ақша көлемі 5,2 есе, яғни 43,1 млрд теңгеден 8,2 млрд теңгеге дейін азайды.

Шетелден түскен қаражат бойынша жөнелтуші елдер арасында Ресей көш бастап тұр, оның үлесіне ҚР-ға жіберілген қаражаттың жалпы көлемінің 40,4%келеді: 44,2 млрд теңге, 2022 жылғы қаңтар–сәуірдегіден 65,6% көп. Өзбекстан, Оңтүстік Корея және АҚШ-тан Қазақстанға тиісінше 11,9 млрд теңге, 10,9 млрд теңге және 10,8 млрд теңге аударылған. Ақша аударымы азайды: Өзбекстаннан — 12,9%, Оңтүстік Кореядан — 22,6%, АҚШ-тан — 34,6%.