Қазақстандықтар Брюссельде де дауыс беріп жатыр

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Брюссельде ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумға байланысты Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі Елшілігі жанында ұйымдастырылған №241 учаскесі жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.
None
None

Учаске Брюссель уақытымен сағат 7-де ашылды. Дауыс беру заңнамада белгіленген тәртіппен басталды.

Референдум учаскесі 200 қазақстандықты қабылдауды жоспарлап отыр. Олардың арасында дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері, еуропалық институттар жанында тіркелген журналистер, шығармашылық интеллигенция, ғылыми қоғамдастық, бизнес және студент жастар бар.

Бельгия мен Люксембургте тұрақты тұратын немесе осы елдерде уақытша жүрген қазақстандықтар дауыс беру үшін мына мекенжайға келе алады: Брюссель қаласы, Уккель коммунасы, Ван Бевер авеню, 30 үй.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Брюссельде дауыс беру Орталық Еуропа уақытымен 20:00-ге дейін өтеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Жапония мен Кореяда тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумда өздерінің дауыс беру құқығын алғашқылардың бірі болып пайдаланды.

Шетелдегі дауыс беру учаскелері жергілікті уақытқа сай ашылып, референдумға қатысуға ниетті қазақстандықтарды қабылдап жатыр.

Бішкектегі қазақстандықтар да дауыс беріп жатқаны хабарланды.


Соңғы жаңалықтар