Қазақстандықтар церебральды сал ауруымен ауыратын сәбилерді емдеуге арналған Гросс тренажерына ие болды
Бұл жайында бүгінгі өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Балбұлақ» балаларды сауықтыру орталығының директоры, жоғары дәрежелі дәрігер Зәуре Құрманбекованың айтуынша бұл қондырғылар арқылы ЦСА мен ауыратын сәбилерді емдеу өте тиімді. «Біздің дәрігерлер Гросстың бірегей тренажерын біле салысымен оның бізде де болуына мүмкіндік жасап, «Мэри Кэй» компаниясының демеушілігіне қол жеткіздік. Құрылғыларды орнатып, қазақстандық әріптестеріне тәжірибе беру үшін Алматыға тренажердың авторы Юхан Артурович Гросс өзі келді», дейді З.Құрманбекова.
Он жылдан астам уақыт бойы мүгедек балаларды сауықтыру үшін сәтті пайдаланылып келе жатқан Гросс тренажерының бірегейлігі мен жаңалығы - тірек-қимыл аппаратының қызметі арқылы аурудың ауыр дертіне шалдыққанын сауықтыру кезінде денені тігінен қоюмен қамтамасыз ете алатындығында.
«Құрылғы моториканы және тепе-теңдікті сақтау қабілетін дамытуға, сондай-ақ буындардың қозғалмалығы мен бұлшық еттерінің жұмысын ынталандыруға бағытталған жаттығуларды орындауға мүмкіндік береді. Осы әдістемені қолданғаннан кейін 90 пайыз жағдайда бұрын қимылдамаған балалардың өз бетімен қимылдау белсенділігі артып, олардың 20 пайызы жүруді үйренсе, 80 пайызы еңбектеп, жүруге талпына бастайды», дейді Ю.Гросс.