Қазақстандықтар экстремизм туралы Бас прокуратура сайты арқылы xабарлай алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасының ресми сайтында экстремизм мен лаңкестікке қарсы іс-қимылды күшейту мақсатында арнайы бөлім құрылды. Қазақстандықтар құпия түрде күдікті адамдар, экстремизмнің көрініс табуы, есірткінің заңсыз айналымы, тіпті қабырғаларға сурет (граффити) қалдырып кететін адамдар жөнінде xабарлай алады.
«Бас прокуратура сайтында кез келген адам арнайы бланкіні толтыру арқылы құпия түрде экстремизм мен лаңкестіктің көрініс табуы турасында өз xабарламаларын жолдауға мүмкіндік беретін арнайы бөлім ашылды. Егер дәлел материалдар болса (фототүсірілім, видео, скриншоттар немесе аудиожазбалар), xабарламамен қоса жіберуге болады», - делінген ведомство xабарында.
Бұл бөлімде, сондай-ақ, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-шараларды күшейтуге жол ашатын тың идеялар мен ұсыныстарды жолдауға да мүмкіндік жасалған.