18:11, 15 Қараша 2012 | GMT +5
Қазақстандықтар ел ішінде қоныс аударуды азайтты
АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар ел ішінде қоныс аударуды азайтты.
Бұл туралы бүгін Астанада Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
«2012 жылы қаңтар-қыркүйегінде ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 4394 адамға немесе 1,7%-ға азайды және 261647 адамды құрады», - дейді ол.
Ауқымы жағынан қазақстандықтар Астана (15658 адам) және Алматы (5124 адам) қалаларына және Алматы облысына (5354 адам) көп қоныстанған.
Елімізге сырттан келетін имигранттар саны да саябырсыған. 2012 жылы қаңтар-қыркүйегінде 2011 жылы қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда, Қазақстанға келгендер саны 4401 адамға, немесе 16,4%-ға азайды және 22465 адамды құраған.