Қазақстандықтар Елбасымыздың бірлікке негізделген бағдарламасы айналасында топтасуда - ҚазГЗУ студенті В. Волошина
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар Елбасымыздың бірлікке негізделген бағдарламасы айналасында топтасуда.
Бұл туралы "ҚазАқпарат" тілшісіне берген сұxбатында Қазақ Гуманитарлық-Заң Университетінің студенті Валерия Волошина мәлім етті.
"Сайлау қарсаңында Елбасы жетекшілігімен "Нұр Отан" партиясы елдің экономикалық қауқарын арттырудың жаңаша көзқарастағы бағдарламасын жария етті. Партияның барлық бағдарламалары, ең біріншіден, xалықтың бірлігін және келісімін нығайтуға негізделеді. Ол Елбасымыздың ең басты басымдық беретін нәрсесі және қазақстандықтар осы құндылықтың айналасында топтасуда", - дейді ол.
Оның сөзінше, жастар ҚР Президентінің барлық бастамаларын қолдайды.
"Студенттер атынан айта аламын, барлық жастар біздің Президенттің бес басымдыққа негізделген сайлауалды бағдарламасын қолдайды. Біз сол үдеден шығуға тырысып келеміз, Елбасы бізге жүктеген жауапкершілікті абыроймен атқаруға уәде береміз. Партия сьезіндегі Президенттің сөздері менің бойыма өте қуатты күш берді. Ол менің алдыма қойған мақсаттарды орындауыма, Елбасы айтқан міндеттерге үлес қосуыма үлкен шабыт беріп отыр", деп атап өтті В. Волошина.