Қазақстандықтар елорда күніне орай төрт күн демалады
«Демалыс күні 2023 жылғы 1 шілде сенбіден 7 шілде жұмаға ауыстырылады. Қаулы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі», - делінген құжат мәтінінде.
Сондай-ақ, министрлік құжатында ҚР Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес мереке күндері және кодекстің 84-бабының 5-тармағында көзделгендей жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Үкіметтің демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға болатындығы айтылған.
Аталған өзгерістер мемлекет бюджетінен қаржы талап етпейді. Сонымен қатар қаулы жобасын қабылдаудың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан кері әсері жоқ немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Яғни, бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар төрт күн қатарынан демалады: 6,7,8,9 шілде. Аптаның алты күні жұмыс істейтін азаматтар 6,7 және 10 шілде күні демалады.
Қаулы жобасын ашық талқылау 15 наурызға дейін «Ашық НҚА» порталында жалғасады.