Қазақстандықтар ең үздік отандық эстрада орындаушылары мен музыкалық топты таңдайды (ФОТО)

«Сахна жұлдызы» жүлдесі қазақстандықтардың пікірінше отандық эстраданың жарық жұлдыздары болып табылатын әншілер үшін тағайындалған болатын. Халықтың дауыс беруі арқылы сахна шеберлері «Орындаушы» (ер адам), «Орындаушы» (әйел адам) және «Ұжым» атты үш категория бойынша бағаланады. Дәл осы ресурста дауыс беру барысын бақылап, алдын ала қорытындыларды білуге болады. 4 маусым күні түсте интернет кеңістігіндегі дауыс беру тоқтатылады. Дауыс беру қорытындылары іс-шара барысында жарияланатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, 4 маусым күні сағат 19.00-де «Астана Арена» стадионының алаңында танымал әртістер мен ұжымдар қатысатын ірі концерт - open-air өтеді. Олардың арасында: КешYOU, МұзАрт, Қайрат Түнтеков, Луина, Серік Ибрагимов және т.б. болады.
Келесі күні, 5 маусымда «Астана Аренаға» жыл сайынғы МузТВ телевизиялық жүлдесінің қонақтары жиналады. МузТВ салтанаты Санкт-Петербургтегі «Олимпийский» және Мұз сарайынан кейін алғаш рет 30 мыңдық көрерменге арналған «Астана Арена» стадионында өткізіледі. Бұл жылы іс-шараға қатысуға: Дима Билан, Сергей Лазарев, Валерий Меладзе, Григорий Лепс, Ани Лорак, Нюша және т.б. әншілер келісімдерін берді. Бұл оқиғаны «Қазақстан» телеарнасының тікелей эфирінен көруге болады.