Қазақстандықтар грек-рим күресінен жастар арасындағы Азия чемпионатында 2 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль олжалады

АЛМАТЫ. 2 маусым. ҚазАқпарат - Алматыда жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық грек-рим күресі шеберлері командалық есепте Иран құрамасынан кейінгі 2-орынды алды.

Қазақстандықтар  грек-рим күресінен жастар арасындағы Азия чемпионатында 2 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль олжалады

Бұл байрақты бәсекеде ирандықтардың - 4, қазақстандықтардың - 2, өзбекстандықтар мен тәжікстандықтардың бір-бір балуаны Азия чемпионы атанды. Атап айтқанда 31 мамыр мен 1 маусым күні өткен сайыс кезінде ирандықтардан Мардани Мехрдад (55 кг), Заидванд Мехди (66 кг), Наурози Саман (96 кг), Роршайкх Мехди (120 кг), қазақстандықтардан  Асқар Салтебеков ( 50 кг) пен  Азамат Құстыбаев (74 кг), өзбекстандықтпардан  Бобирбек Зайлобидинов (60 кг), тәжікстандықтардан Манусуехр Алаев (84 кг) өз елінің әнұранының шырқалуына қол жеткізді.