03:36, 29 Тамыз 2014 | GMT +5
Қазақстандықтар Грузиядағы халықаралық экстремалдар эстафетасына қатысады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық экстремалдар командасы 13 қыркүйекте Грузияда басталатын Ger Get It халықаралық эстафетасына қатысады.

Степанцминды таулы аймағында біздің спортшыларымыз күрделі маршрутты игеруі тиіс. Ger Get It жарысында қатысушыларға Терги өзенінен қайықпен жүзіп өту, жартасқа шығу, велосипедпен тауда жарысу, Гергети шыңына жүгіріп шығу тәрізді сындардан өтуге тура келеді, деп хабарлайды sports.kz.
Еліміздің құрамасы кәсіби спортшылардан құралған. Атап айтқанда, оның құрамында есу слаломы спортының шебері Иван Новиков, турнир жеңімпазы велосипедші Юрий Шкердин, Elbrus Race халықаралық жарыстар жеңімпазы Аггей Скопин мен On sight marathon сайыстарының жүлдегері Дмитрий Линник болмақ. Сайыскерлер қазақстандықтардың зор қолдауы олардың доданың бас жүлдесі - 1500 евро көлеміндегі ақшалай сыйлықты ұтып алуға септігін тигізеді, деп үміт артады.