Қазақстандықтар интернетте көбіне қандай тауарларды сатып алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ірі сауда онлайн-алаңдары өткен жарты жылдың қорытындысын шығарып, бөлшекті онлайн-нарықты дамыту тенденциясын анықтап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Капитал.kz» порталына сілтеме жасап.
Satu.kz: Онлайн-сатылымның орташа түбіртегі - 35 мың теңге
Satu.kz - 142 мың интернет-кәсіпкер еңбек ететін маркетплейс. Ай сайын аталмыш алаңға 3,1 млн қазақстандық еніп, сауда жасайды. Маркетплейсте 8,4 млн тауар сатылады.
Satu.kz ұсынған мәліметке сәйкес, 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығында қазақстандықтар бұл жерде 13,1 млрд теңгенің, яғни өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне қарағанда 23 пайызға артық ақшаның саудасын жасаған. Мұнда тапсырыстардың саны 22 пайызға - 376 мыңға дейін артқанымен, онлайн-сатылымның орташа түбіртегі 35 мың теңге мөлшерінде сақталған.
Сатылым көшбашсысы - опа-далап.
Маркетплейстегі ТОП-5 тауарды атап өтсек: олар - сәндік және денсаулыққа арналған тауарлар, үй мен балабақшаға арналған тауарлар, медициналық тауарлар, техника мен электроника, балаларға арналған тауарлар болып отыр.
Сәндік және денсаулыққа арналған тауарлардың ішінде сөзсіз - бет пен шашқа арналған опа-далаптар, медициналық тауарларда - қолғаптар, бір реттік киімдер мен аяқ киімдер көп сатылады. Үй мен балабақшаға арналған тауарлардың ішінде сұранысы жоғарылардың қатарына ас үй ыдысы, ас үйдің қажеттіліктері, бау-бақшада егуге арналған гүлдер мен жемістер ие. Техника және электроникада тұрмыстық техниканың аксессуарлары көш бастап тұр.
Мұнда сатып алушы кім?
Satu.kz-тің мәліметіне сүйенсек, онлайн-сатып алушылардың көбі Алматыда (маркетплейске енушілердің шамамен 40 пайызы) тұрады. Екінші орында - 21 пайыздық көрсеткішпен Астана қаласы тұр. Басқа қалалар мен өңірлерде онлайн-шопингтің даму қарқыны баяу.
Сатып алушылардың көбі - 25-30 жас аралығындағы жастар. 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығының көрсеткішіне сенсек, 55-64 жас және 65 жастан асқандардың аудиториясы 35-49 пайызға өскен көрінеді. Десе де, жасы үлкендердің онлайн-сатылымға ден қоятындарының мөлшері жалпы көрсеткіштің 5,5 пайызын ғана құрайды.
Қазақстандықтардың көбі тауарды қолындағы смартфондарымен іздеуді қолай көреді.
Тауарлардың ішінде танымалы қандай?
Satu.kz маркетплейсінің ең танымал сегменттерінде мына категориядағы тауарлап жоғары сұранысқа ие: автокөліктер мен олардың саймандары, автотюнингке арналған аксессуарлар, мотор майлары, автокөлік кузовының аксессуарлары мен дөңгелектер.
Жиһаздардың ішінде қазақстандықтар көбінесе жатын бөлменің жиһаздарын, үрлемелі жиһазды, қонақ үйге арналған жиһаздарды іздейді. Құрылыс материалдардың ішінде жылу өткізгіш материалдар, лакпен бояу материалдары, кесу материалдары, арматура, қақпа, қоршау, шлагбаумдар көптеп сатылып жатыр. Киімдерден қазақстандықтар көбінесе онлайн-сатылым арқылы күнделікті киетін кроссовкалар мен кедаларды, спорт пен демалысқа арналған киімдерді, футбол формасын, арнайы аяқ киімдерді, жұмыс киімдерін сатып алғысы келеді.
OLX: сатылымның жартысы - мобильдік қосымша арқылы
Ұялы телефондардың статистикасы OLX есебінде анық көрсетілген. Аталмыш интернет-алаңның мәліметіне сүйенсек, «телефондар мен аксессуарлар» категориясында көбінесе - iPhone, iPhone 6, iPhone 7, Samsung, Xiaomi маркалары жоғары сұрасынқа ие болып отыр. Ұсыныстардың сандары бойынша ең танымал марка - Samsung (24 415) болса, екінші орында Apple (21 508). Хабарламалар бойынша үшінші және төртінші орынды Huawei мен Xiaomi бөліскен.
Ең басым сұранысқа ие вакансия - жүргізуші
Маңызды бөлімдердің бірі - іздеу. Бүгінгі таңда Қазақстанның онлайн-алаңында ең жоғары сұранысқа ие мамандық - жүргізуші болып отыр. ТОП-5 сұранысқа ие вакансиялардың ішіне сатушы, тазалықшы, бала күтуші мен жүк тасушы енеді. Сонымен бірге, «іздеу» бөлімінде «еден жуушы», «даяшы» және «есепші» деп теріп жазатындардың саны көп екен.
Әлбетте, әрдайым бақыланып отыратын сұраныстардың бірі - пәтерлер. Сервисті қолданушылар пәтерлерді сатып алу үшін немесе сағаттап, апталап немесе тәулікке, ұзақ мерзімге жалдап алу үшін іздейді.
«Колеса Крыша Маркет»: Сатушылар 20 пайызға жеңілді жасайды
«Колеса Крыша Маркет» сарапшыларына құлақ түрсек, сервисті қолданушылар көбінесе бағаға келісуге ерекше ден қоятын көрінеді. Сатушылар сатушыларға көп жағдайда ортақ бағаға келісу туралы ұсыныспен жиі қоңырау шалып, тауар көбінесе бастапқы бағасынан 20 пайыз төмен бағаға сатылып кетеді екен.
Сонымен бірге, сарапшылар қолданылған тауарлар сұраныстар бойынша, ұсыныстар бойынша да көптеп артып келе жатқанын ерекше атап өтеді. Аталмыш сегмент соңғы жылда 3 есеге артқан. Сонымен бірге, «үй мен саяжайға арналған» бөлімдеріне деген қызығушылық екі жарым есеге, «хобби және демалысқа» 2,2 есеге, «балаларға» бөлігіне 1,5 есеге артқан.