04:04, 28 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Қазақстандықтар қандай көліктерді қалайды? - ТОП-10
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2013 жылғы Қазақстанның көлік нарығында ресейлік автокөліктер жетекші орнын сақтап қалды.

Total.kz сайтының хабарлауынша, «Лада», «Нива», «Газ» көліктерінің сатылымы 77%-ға өскен. Осы жылы сатылған 150 мың жаңа автокөліктің 78 мыңын ресейлік көліктер құрап отыр. Сарапшылардың айтуынша, ағымдағы жылы сатылымға көп түскен көліктердің ішінде Lada Piora көш бастап тұр. Екінші орында Lada Samara тұрса, үшінші орында Lada Granta келеді. Ондықтың ішінде сонымен қатар Daewoo Nexia, Hyundai Accent, Lada 4х4, Lada Largus, Renault Duster, Skoda Rapid көліктері енген, ал 383 данасы сатылған KIA Rio көлігі болса үздік ондықты түйіндеп тұр.