Қазақстандықтар қандай шетелдік бағытта ұша алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Air Astana компаниясы бүгін қандай рейстерді орындайтындығы туралы мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Air Astana компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 қаңтар мындай рейстер орындалады:
Нұр-Сұлтан- Дубай 20:00-22:50
Дубай-Нұр-Сұлтан 24:00-06:35+1
Нұр-Сұлтан-Мәскеу 22:10-22:55
Мәскеу-Нұр-Сұлтан 00:00-06:25+1
Нұр-Сұлтан-Франкфурт 15:00-16:20
Франкфурт-Нұр-Сұлтан 19:45-06:20+1
Нұр-Сұлтан-Атырау 15:30-17:05
Атырау-Нұр-Сұлтан 18:00-21:10
FlyArystan келесі рейстерді орындайды:
Нұр-Сұлтан-Қызылорда 12:50-13:35
Қызылорда-Нұр-Сұлтан 15:05-17:30
Нұр-Сұлтан-Шымкент 11:30-13:20
Шымкент-Нұр-Сұлтан 14:50-16:35
Нұр-Сұлтан-Кутаиси 13:30-15:15
Кутаиси-Нұр-Сұлтан 16:15-21:40.
Барлық рейстерде жергілікті уақыт көрсетілген.
Компанияның хабарлауынша, рейстер коменданттық сағат күшіне енген уақытқа тап болған жолаушылар өздерімен бірге жеке куәліктерін немесе төлқұжаттарын, сондай-ақ қалада жүру үшін ұшаққа отыру талондарын алып жүруі қажет.
«Нұр-Сұлтан қаласынан рейстердің шектеулі санынан басқа Air Astana мен FlyArystan ұшулары уақытша тоқтатылған. Аталған рейстердің жолаушылары хабарландыру жіберіліп жатыр. Әуе компаниясынан қоңрау түспеген жолаушылардан әуежайға келмеуді өтінеміз», - деп атап өтеді компания баспасөз қызметінен.
Бұған дейін Алматы әуежайы 2022 жылдың 9 қаңтарына дейін жұмыс істемейтіндігі хабарлаған еді.