Қазақстандықтар «Канело» - Джейкобс айқасын қайдан көре алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 4 мамырда Лас-Вегаста (Қазақстанда 5 мамыр таңертең) орта салмақтағы WBC/WBA (Super) әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес пен IBF белбеуінің иегері Дэниэл Джейкобстің жекпе-жегі өтеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандықтар «Канело» - Джейкобс айқасын қайдан көре алады

T-Mobile Arena-да өтетін шоуды DAZN стримингтік сервисі тікелей эфирден көрсетеді. Латын Америкасы аумағында тікелей трансляцияны Space телеарнасы, Ұлыбританияда - Sky Sports, Мексикада - Azteka TV жүргізеді. Қазақстандық телеарналар бұл айқасты көрсетпейді. Тікелей эфирдің ақпараттары Sports.kz сайтында кейінірек жарияланады.

Еске салайық, Альварес пен Джейкобс кезінде барлық титулды еншілеген қазақстандық Геннадий Головкиннің қарсыластары болған.