Қазақстандықтар «Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы» жобасына өтініш беріп жатыр

Олар елорда тұрғындары мен қонақтарынан еңбек жолы ерекше азаматтар туралы материалдар жинауда. Арнайы ұйымдастырылған акция барысында тиісті өтініш жобасы дайындалды. Оны толтырған адамдар автоматты түрде жобаның қатысушысы атанады.
Осы уақытта 100-ге жуық адамның ерекше еңбек жолы туралы мәліметтер жиналды. Олардың үздіктері кейінірек таңдап алынып, 100esim.el.kz сайтында жарияланады.
Осы ретте айта кететін мәселе, бүгінгі таңда сайтқа 1900-ден астам өтініш түсті. Олардың 1000-ы порталда жарияланып та үлгерді. Жобаға қатысу үшін өтініш беру биылғы жылдың қыркүйегінде аяқталады.
«Бізді қуантып отырғаны өтініштер көбіне өңірлерден келіп жатыр. «Бәйтерек» монументіне келушілер еліміздің барлық аймақтарын қамтиды. Сондықтан өтініштердің ауқымы өте кең. Бұл жобаға өзінің қайдан келгендігіне және қоғамдағы әлеуметтік мәртебесіне қарамастан кез келген адамның мүше бола алатындығының тағы бір жарқын дәлелі. Ал біз өзіміздің тарапымыздан бүгінгі күнге дейін келіп түскен өтініштердің барлығының өңделіп, 100esim.el.kz. сайтына орналастырылатындығына сендіргіміз келеді. Азаматтардың еңбек жолдары туралы толық мәліметтерді білу үшін бізде олардың байланыс нөмірлері бар»,-деді акцияны ұйымдастырушылардың бірі EL.KZ порталының жауапты хатшысы Олег Рябченко.
Ел азаматтарының өмір жолы мен тарихына қалың көпшіліктің назарын аудару үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы» жобасын іске қосуды ұсынған болатын. Бұл бастама басты үш мәселені шешуге бағыталған. Біріншіден, өзінің еңбегімен, күшімен тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыруға үлес қосқан азаматтарды қалың көпшілікке таныту және осы іске ақпараттық қолдау көрсету. «100 тұлғаның» тек жалпыұлттық қана емес, өңірлік жобасын да қалыптастыру.
Жобаға қатысу үшін өтінішті қалай беру керек? Егер Сіз өмірі мен еңбек жолы қатты қызықтырған азаматты білетін болсаңыз немесе Сіздің өзіңіз сондай азаматтардың бірі болсаңыз Сізде өмір тарихыңызды өзгелермен бөлісу мүмкіндігі бар. Ол үшін 100esim.el.kz сайтына кіріп, арнайы парақшаны толтыру керек.